Нысандар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған.
Түркістанда жаңа ойын алаңшалары мен спорт алаңдары пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Облыс орталығында балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңдары салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде ойын алаңшалары салынса, Хақназар хан мен Ш.Ниязов көшелерінде футбол алаңшалары бой көтерді.
Алаңшалардың құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Нысандар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған.
Сонымен қатар аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін инженерлік инфрақұрылым да қарастырылған.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы бар.