Бұл шара ұлттың мәдени мұраны дәріптеп, жастар бойында елге деген сүйіспеншілікті одан әрі нығайтты.
Түркістан қаласындағы NIS Turkistan білім ұясында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шара барысында күмбірлеген домбыра үні мен асқақ рухқа толы күйлер көрерменнің жүрегіне жол тартты. Жас домбырашылар «Нәр ағашы», «Келіншек», «Жастар биі», Құрманғазының «Балбырауын», «Ер Тұран» және Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындап, көрермендерге рухани қуат сыйлады.
Бұл шара ұлттың мәдени мұраны дәріптеп, жастар бойында елге деген сүйіспеншілікті одан әрі нығайтты.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған шараның жоғары деңгейде өтуіне Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдау көрсетті.


