Түркістанда «СЕРПІН» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

0
250


Түркістанда «СЕРПІН» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

Түркістан облысының жастарына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде.

Құжаттар облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 13-20 шілде күндері аралығында өтеді. Бұл жайында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің PhD докторы Айдос Абаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті — «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университетте оңтүстік өңірлерден келген 3000-нан астам студент білім алуда. Мұнда түлектер педагогикалық, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы салалары бойынша диплом ала алады. Студенттерге жатақхана, стипендия және жолақы қарастырылған. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 85%-ды құрайды» - деді Айдос Абайұлы.
Сонымен қатар, оңтүстік өңірлердің жастарын жоғарғы оқу орнында оқуға М.Қозыбаев университетінің Азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының оқытушысы Әлібек Серіков та арнайы шақырды. Қазіргі таңда аталған оқу орнында «Серпін» бағдарламасы арқылы 163 студентке грант бөлінгендігін айтты. Онда оқуға түскен жастар 100% жұмыспен қамтылып қана қоймай, шетелдерде өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік қарастырылған.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында сөз алған Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің аға оқытушысы Олжас Сауытов та өз оқу орнының артықшылықтарына тоқталды. Онда ҰБТ нәтижесінде 50 баллдан жоғары жинаған түлектерге «Серпін» бағдарламасы аясында 280 грант бөлінген. Сонымен қатар, ер балалар үшін әскери шен алып шығуға да жағдай жасалған.
Бөлісу