Түркістанда Орталық Азиядағы теңдесі жоқ кешен іске қосылады

0
82

Түркістандағы «Ескек есу» арнасы дегеніміз не?


Түркістанда Орталық Азиядағы теңдесі жоқ кешен іске қосылады

Түркістанда Орталық Азиядағы теңдесі жоқ кешен іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы 100 гектар аумақта халықаралық деңгейдегі «Ескек есу» арнасы бой көтерді. Бұл кешен туризм мен спортты біріктіретін Орта Азиядағы теңдесі жоқ нысандарының біріне айналмақ.


Түркістандағы «Ескек есу» арнасы дегеніміз не?

Бұл – академиялық ескек есу, байдарка және каноэ спортымен айналысуға арналған жасанды су арнасы;

Нысан демалыс, серуен және түрлі көпшілік шаралар өткізу орны ретінде де пайдаланылады.


Кешен Қазақстандағы басқа нысандардан несімен ерекше?

Халықаралық стандарттарға сай салынған (ICF және FISA талаптары бойынша);

Ұзындығы – 2222 метр, ені – 260 метр, тереңдігі – 4 метр;

Толық автоматтандырылған жүйемен жабдықталған;

Арна аумағында спорт кешендері, 1000 орындық трибуна, қонақүй, көгалдандырылған жағалау, технологиялық көпірлер қарастырылған;

Заманауи ландшафт дизайны, урбанистік жағалау стилінде жасалған кешенде веложолдар, демалыс аймақтары қарастырылған;

Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығының жасыл белдеуін суғаруға арналған ирригациялық жүйені сумен қамтамасыз етеді.


Спорт нысанында қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

Спорттың 6 түрінен 500-ге жуық спортшы тұрақты түрде жаттыға алады;

Азиялық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырылады;

Жыл он екі ай оқу-жаттығу жиындарын өткізуге толық мүмкіндік бар.


Бұл нысан Түркістан үшін неге маңызды?

Туристерді тартады – нысанда спортпен шұғылданумен қатар, демалыс аймақтары қарастырылған;

Спорттың дамуына тың серпін береді – халықаралық деңгейде жарыстар, чемпионаттар өткізуге мүмкіндік бар;

Жұмыс орындарын ашады – спорт саласында ғана емес, қызмет көрсету бағытында да жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Қаланың имиджін қалыптастыруға тың серпін беретін бұл кешен Түркістанды тек тарихи және мәдени орталық ретінде ғана емес, сонымен бірге заманауи туристік хаб ретінде көрсетуге мүмкіндік ашпақ.


Өтетін орны: Түркістан, «Ескек есу» арнасы

Күні: 14.09.2025 жыл, сағат 18.00-де

Кіру тегін.

Бөлісу