Түркістанда «Ойлан тап» интеллектуалды ойыны өтті

0
89

Қатысушылардың білімі мен тапқырлығын кәсіби әділқазылар алқасы бағалады.


Түркістанда «Ойлан тап» интеллектуалды ойыны өтті

Түркістан облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ойлан тап» интеллектуалды ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерекесі және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ойлан тап» интеллектуалды ойыны өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың білімін шыңдау, ұлттық құндылықтарға, тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзара сыйластық пен бірлікті насихаттау.


Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев шараға арнайы қатысып,«Рухани келісім күнімен» құттықтап, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттады.


–Интеллектуалды сайыс қатысушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың отансүйгіштік сезімін, ұжымдық рухын арттырады. Сонымен қатар, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа серіктестік және достық байланыстар орнатады, – деді Ертай Кенжебекұлы.


Сайыс үш кезеңнен тұрды. Сұрақтар еліміздің және Түркістан облысының тарихы, әдебиет, ұлттық салт-дәстүрлер, дін саласындағы заңнамалар және спорт тақырыптарын қамтыды. Қатысушылардың білімі мен тапқырлығын кәсіби әділқазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы қатарында телогия және философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, білікті дін қызметкері Айдос Оспанов және облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы болды.


Тартысқа толы өткен интеллектуалды сайыстың жеңімпазы – 500 000 теңгені Отырар ауданының құрама командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Сайрам ауданы (250 000 теңге) және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ командалары (250 000 теңге) алса, үшінші орын Ордабасы (150 000 теңге) және Төлеби аудандарына(150 000 теңге) бұйырды.


Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды. Қатысушы командалар арасында ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен ерекшеленген Жетісай, Сарыағаш, Созақ аудандарының және «Балаби қари» құран жаттау орталығының құрамалары көрермен көзайымы номинациясына, қаржылай сыйлықтарға ие болды.


Айта кетсек, интелектуалды ойынға облыстың барлық аудан, қалаларынан ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, «Руханият» орталықтарының өкілдері, жастар ресурстық орталықтарында қызмет атқаратын теолог мамандар, дін қызметкерлері және медресе-колледж ұстаздары қатысты.

Бөлісу