Рәсім 22 қазанда әйгілі "Шабуылдаушы бұқа" қола мүсіні Charging Bull жанында өтті.
Фото: ҚР Нью-Йорктегі Бас консулдығы
ERNUR.KZ. Нью-Йорктің ортасында, Уолл-стритте, Республика күніне орай Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді, деп жазады inbusiness.kz.
Іс-шараға Нью-Йоркте тұратын қазақстандықтар жиналды. Рәсімге қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік әнұранын шырқады.
Салтанатты сәттің кадрларымен Instagram парақшасында жергілікті фотограф Аркен Аван бөлісті.
Уолл-стритте Республика күніне орай өтетін бұл рәсім бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған. Осындай іс-шаралар 2024 жылы және 2025 жылдары да қазақстандық дипломаттар мен диаспора өкілдерінің қатысуымен өткізілген болатын.
Өткен жылы бұл мереке ерекше оқиғамен ұласты. Нью-Йорк мэриясы қазақ қауымдастығының қаланың мәдени өміріне қосқан үлесін жоғары бағалап, бұл күнді ресми түрде Қазақстанның мұра күні (Kazakhstan Heritage Day) деп жариялады.
Қазақстанда Республика күні 25 қазанда аталып өтеді.


