Түркістан қаласына биыл ерекше мәртебе берілді.
Түркістанда мәдени нысандарының жай-күйі пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында мәдени іс-шаралар өтетін бірқатар нысандарды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев аралады. Жауаптылармен бірге алдағы уақытта ұйымдастырылатын мәдени шараларға дайындық барысын пысықтап, нысындардың техникалық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылады.
Аралау барысында облыс әкімінің орынбасары мәдени іс-шаралар өткізілетін орындарда өрт қауіпсіздігі, медициналық қызметпен қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен келушілерге қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.
– Түркістан бүгінде тек облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ерекше мәртебеге ие киелі қала. Мұнда өтетін халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңірдің туристік әлеуетін арттыруы тиіс. Қасиетті шаһарға еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, шетелден де туристер ағылуда. Сондықтан ұлттық салт-дәстүр мен ән-жырымыз қаланың рухани-мәдени орталығында кеңінен насихатталуы керек. Облыста өтетін іс-шаралардың бәрі мазмұнды әрі тағылымды болуы тиіс, – деген Ертай Кенжебекұлы жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Түркістан қаласына биыл ерекше мәртебе берілді. Осыған орай облыс орталығында бірқатар маңызды мәдени және рухани іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Биыл облыстың 7 жылдық мерейлі мерексені орай Қазақстанның халық әртісі, қазақ ән өнерінің падишасы Роза Рымбаеваның «Түркістан» атты концерті өтті. Одан бөлек, 2021 жылы қолға алынған ерекше жоба биыл да жалғасын тапты. Нақтырақ айтсақ, түркі руханиятының алтын бесігі – киелі Түркістанды насихаттауға бағытталған халықаралық «Voice of Turan – 2025» фестивалі ұйымдастырылып, «Түркінің төрі – Түркістан» республикалық жас ақындар айтысы өтті.
Бүгінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата заңым – айбыным» атты салтанатты шарасы, Республика күніне арналған атты салтанатты шарасы, Түркістан дауысы секілді жоспарлы шаралар мен мерекелік жиындар аталып өтпек.