Бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Түркістан облыстық маңызы бар жолдарды қардан тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановпен кездесу өтті. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп,Ассамблея этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында сындарлы саясат жүргізе алатын тиімді ұйым ретінде танылғанын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы биылғы ҚХА-ның ХХХІV (34) сессиясында ел ішіндегі этносаралық тұрақтылықты ұлттық байлық ретінде бағалап, Қазақстанның дамуына ықпал етіп отырғанын баса айтты. Сондай-ақҚазақстан халқыАссамблеясыбарлық этностарды қазақ халқының төңірегіне топтастырып, татулық пен достық, бірлік пен ынтымақты сақтаудаөз міндетін толығымен атқарып келе жатқанын айтып, этнос өкілдері тығыз орналасқан көршілес елді мекендерде тұрғындарымен бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған бірқатар әлеуметтік, мәдени жобалар сәтті жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Келелі кеңеске «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері, облыстық ҚХА мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері қатысты.
Басқосуда сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚХА-ның ХХХІV (34) сессиясында жүктелген мақсат-міндеттерге тоқталып, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.
Кездесу барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры, ҚХА мүшесі Жанар Темірбекова, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағыАқсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов, облыстықәзербайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Мустафаева сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүзеге асып жатқан қайырымдылық шаралары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жалпы ахуал, медиация және тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына жастардың қосқан үлесі жайында мазмұнды баяндама жасады.
Бұдан соң жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, келелі ойларын ортаға салды.
Шара соңында бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.