Түркістанда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

0
90

10-ға тарта команда қатысты.


Түркістанда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

Түркістанда БАҚ қызметкерлері мерекесіне орай спартакиада өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда 28 маусым БАҚ қызметкерлері мерекесіне орай спартакиада өтті. Жарысқа спорттың волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, арқан тартыс түрлерінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 10-ға тарта команда қатысты.


Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынды “Баспасөз хатшылары” командасы жеңіп алды. Ал, екінші орын “Turkistan” телеарнасына бұйырса, үшінші орынға “Тұран БАҚ” командасы жайғасты. Сондай-ақ, үздік ойыншылар да марапатталды. Барлық жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табысталды.

Бөлісу