ТҮРКІСТАН: Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

0
49

28 кәсіпкерлік субъектісінің қоймаларында тағы 88,6 мың тоннаға жуық көмір қоры бар.


ТҮРКІСТАН: Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2025-2026 жылдарға арналған жылыту маусымына қажетті көмір көлемі – 600,6 мың тонна. Бүгінгі таңда оның 100,3 мың тоннасы қамтамасыз етілді. Одан бөлек, 28 кәсіпкерлік субъектісінің қоймаларында тағы 88,6 мың тоннаға жуық көмір қоры бар.


Облыстық бюджетік мекемелерде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүйелі атқарылуда. Білім нысандары 63%, денсаулық сақтау нысандары 76% көмірмен қамтылды. Сонымен қатар мәдениет нысандары 86% қамтылса, спорт нысандары көмірмен 100% қамтамасыз етілді.


Жергілікті тұрғындарды көмірмен қамту деңгейі 18%-ға жетіп, 45 819 тонна жеткізілді. Жылыжайлар көмірмен 7% қамтылды.


Қыс мезгілінде өңір тұрғындарын толық әрі уақтылы қатты отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Жылыту маусымына дайындық барысы Нұралхан Көшеровтің тұрақты бақылауында.

Бөлісу