ТҮРКІСТАН: Жетісайда жүзім шаруашылығы жанданып келеді

0
87

Жүзім шаруашылығында бүгінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


 ТҮРКІСТАН: Жетісайда жүзім шаруашылығы жанданып келеді

Түркістан облысы, Жетісай ауданында жүзім шаруашылығы да дамып келеді.

Осы саладағы үздіктердің бірі – Жылы су ауылдық округінде орналасқан «Erte-Agro» ЖШС. Аталмыш шаруа қожалықтағы жүзім өнімдері республика төңірегінде сатылымға шығаруда. Аудан басшысы Серік Мамытов шаруамен кездесіп, мемлекеттік қолдаулар туралы түсіндірді.

«Шаруа қожалығымыз өз негізін 2017 жылы қалады. 2018 жылы арнайы Украина мемлекетінен «Аркадия», «Лидия», «Байқоңыр», «Анюта», «Велес», «Кодрянка», «Преображение», «Академик», «Дубовский» сынды 9 жүзім сортының көшетін алдырып, 40 гектар алқапқа отырғызып шықтық. Алқапқа егілген жүзімнің барлығы асханалық сортқа тиесілі. Жүзім бағымызға тамшылатып суғару әдісін қолданамыз. Өндірілген өнімді қазіргі таңда облыс орталығы Түркістан қаласы мен мегополис Шымкент қаласына жөнелтіп жатырмыз. Сол екі қала арқылы республика көлеміндегі барлық қалаға таратылуда. Жетісайдың жүзімі қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие» дейді «Erte-Agro» ЖШС төрағасы Сұлтан Ерболұлы.
Жүзім шаруашылығында бүгінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айлық жалақы да, жылдық өнім де жаман емес. Нарықта сұраныс артса, баға жоғарылайды, жалақы өседі.
Айта кетейік, бүгінде ауданда жалпы аумағы 466,8 гектар жерге жүзімнің «Киш-миш», «Тайфи розовый», «Гузаль қара» және «Мускат Александровка», «Султанка белый», «Королева Винаградников» сорттары егіліп, жергілікті базарлар мен көршілес аудандардың сұранысын қанағаттандырып отыр.
Бөлісу