ТҮРКІСТАН: Жетісайда 1000-ға жуық адам қатысқан тазалық шарасы өтті

0
65

Бүгінгі тазалық шарасына 15 техника қатыстырылып, 40 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 1000-ға жуық адам қатысқан тазалық шарасы өтті

Жетісай ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында мыңға жуық азаматтың қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауданның ерікті жастары, тұрғындар белсене қатысты. Әрбір мекеме мен бөлімдерге арнайы бекітілген учаскелерде бей-берекет жатқан қоқыс орындары, ауданның кіреберістері тазаланып, шөптері шабылды, қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Бүгінгі тазалық шарасына 15 техника қатыстырылып, 40 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.


Жауаптылардың айтуынша, ауданда өткізіліп жатқан сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкері мен арнайы техникалар жұмылдырылып, өздеріне бекітілген территорияларында тиісті жұмыстар атқарылуда. Мұндай шаралар аудан аумағында тұрақты түрде өткізіліп келеді екен.


Кез-келген аудан, қаланың тазалық көрсеткiшi сол мекен тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсететіндіктен тұрғындардың жақсы тұрмысы үшін бірқатар игі істер атқарылуда. Көшелер кеңейтіліп, түнгі жарықшамдар орнатылуда. Арық-атыздар мен қашыртқылар тазаланып, көшет егу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Бөлісу