ТҮРКІСТАН: «Ынтымақ-Түркістан» клубының кезекті отырысы өтті

0
176

«Діни экстремизм мен терроризм», «нашақорлық», «интернет алаяқтық», «лудомания» тақырыптары талқыланды.


ТҮРКІСТАН: «Ынтымақ-Түркістан» клубының кезекті отырысы өтті

Түркістан облысында «Ынтымақ-Түркістан» клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арнайы жиында «Дін мен дәстүр – зайырлы қоғам кепілі» тақырыбы қаралды.


Клуб облыстағы 6 діни конфессия өкілдерінен құралған. Жиынға «Ынтымақ-Түркістан» клубының мүшелері және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы Қасымбеков Жүсіпбек Айдарбекұлы арнайы қатысты.


Клуб отырысына облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы төрағалық етіп, клуб мүшелері тарапынан күн тәртібіндегі мәселе және оған қоса «Діни экстремизм мен терроризм», «нашақорлық», «интернет алаяқтық», «лудомания» тақырыптары талқыланды.


Сондай-ақ қоғамдық-саяси және діни ахуалдың тұрақтылығы, ынтымақ, бірлік, конфессияаралық келісім, ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне басымдық берілді.


Аталған тақырыптар бойынша Түркістан облысының бас имамы Төлепов Ержан Сматұлы, Шымкент және Түркістан епархиясының шіркеу және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы Могилевский Александр Валерьевич, «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің жетекшісі Смольянов Виталий Александрович, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы Қасымбеков Жүсіпбек Айдарбекұлы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Бориев Елдос Заманханұлы баяндама жасады.


«Елуліктер толық інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Семлянских Павел Владимирович қоғамдағы өзекті болып отырған нашақорлық мәселесіне тоқталып, өз пікірін білдіріп, қоғам дертімен бірлесе күресуге шақырды.


Ал, «Жетісай қаласының інжілдік мәсіхші-баптистердің қауымы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Братан Валерий Иванович қоғамдағы бейбітшілік мәселесі бойынша өз пікірімен бөлісті.


Жиын соңында клуб отырысын тоқсанына кемінде 1 рет өткізу мәселесі келісіліп, облыс тұрғындарына өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына баса назар аударатын болып тарқасты.

Бөлісу