«TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS»: Түркістанда ерекше фестиваль өтеді

0
103

Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – жасырын қонақ ретінде әлемдік деңгейдегі жұлдыздың арнайы келуі.


«TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS»: Түркістанда ерекше фестиваль өтеді

Түркістан қаласындағы жаңа есу арнасының ашылу салтанатына орай ауқымды мәдени-спорттық шара өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


14 қыркүйек күні Түркістан қаласындағы жаңа есу арнасының ашылу салтанатына орай ауқымды мәдени-спорттық шара – «TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS» фестивалі өтеді.


Іс-шара аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған түрлі бағдарламалар ұсынылады:

• ойындар алаңы

• балаларға арналған арнайы алаң

• спорттық жарыстар

• әуе шарлары

• фонтан шоу

• лазерлік шоу

• от шоу


Сонымен қатар, фестиваль бағдарламасында «Taiqazan GastroFest» аясында түрлі ұлттық және әлемдік тағамдар ұсынылып, қонақтар ерекше гастрономиялық саяхатқа аттанады.


Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – жасырын қонақ ретінде әлемдік деңгейдегі жұлдыздың арнайы келуі.


Өтетін орны: Түркістан қаласы, Есу арнасы

Уақыты: 18.00

14 қыркүйек 2025 жыл

Бөлісу