Жалпы білім саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Вице-министр Вусонг қазақ-корей университетін аралап, ашылуға дайындығын пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Түркістан қаласында ашылатын «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» университетінде болып, дайындығымен танысты. Нысанды аралап, жауапты өкілдермен тілдесті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жоғары оқу орнына студенттер қабылдау, нысанды материалдық-техникалық базамен қамту сындыатқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстарды баяндады. Жалпы білім саласын дамыту мәселелері талқыланды.
ІТ университетінде екі мамандық бойынша білім беру жоспарлануда. Олар: жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау; бағдарламалық қамтамасыз ету.
Оқу орнына 2 мыңға жуық студент қабылданады. Жаңа жатақхана салынып жатыр. Түркістан облысы әкімдігі 100 грант бөлді. Бүгінде сайт арқылы жалпы еліміздіңтүкпір-түкпірінен 400-ге жуық түлек құжат тапсырды. Болашақта университеттің 3-4 курс студенттері біліктілік талаптарына сәйкес халықаралық тәжірибе ала алады. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы «Woosong university Kazakhstan» университетінде екі жыл оқығаннан кейін студенттер қос диплом бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері бар.
Халықаралық университет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің бірлесе жүзеге асыруда. Қазіргі таңда құжат қабылдау жұмыстары жалғасуда.
Қосымша мәлімет +7 705 68220 33; +7 777 013 02 07; +7 776 046 68 51;
Ресми сайт: https://wsuk.wsu.ac.kr/