ТҮРКІСТАН: Түлкібаста алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді

0
171

Ауданда жыл сайын көпбалалы аналардың қатары артып келеді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді

Түлкібас ауданында алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы әкімдігінде еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға сүбелі үлес қосып жүрген көпбалалы аналар “Алтын” және “Күміс” алқалармен марапатталды.


Салтанатты шараға аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Ербол Орманов қатысып, алтын құрсақты аналарды құттықтап, құрмет көрсетті.


Ауданда жыл сайын көпбалалы аналардың қатары артып келеді. Атап айтқанда, аудан көлемінде 825-алтын алқа, 1788-күміс алқа иегерлері тұрады. Бүгін 18 аяулы анаға "Алтын” және “Күміс” алқа табысталды.

Бөлісу