ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 21 ішкі көше жөнделіп жатыр

0
82

Жолдардың қанағатты жағдайы 86,6 пайыздан 89 пайызға арпақ.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 21 ішкі көше жөнделіп жатыр

Түлкібаста 21 ішкі көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының елді мекендеріндегі көшелер кезең-кезеңімен жөндеуден өтіп жатыр. Биыл Түлкібас ауданы аумағындағы тозығы жеткен 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.


Бүгінгі таңда 18 көшеге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жөндеу жұмыстары атқырылуда. Одан бөлек, тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Түлкібас кентіндегі Шыңғысбеков, Көбей және Байсеріков көшелері облыстық бюджет есебінен толық жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, бұл көшелерге жол белгілерін орнату, қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларын қою жұмыстары жоспарлануда.


Ауыр жүк көліктері көп жүретін Шыңғысбеков көшесіне астыңғы жабындысына арнайы техника күшімен 15 см бетон құйылып, үстіне 6 см асфальт жабындысы түспек. Кенттің шығыс бөлігіндегі (Үстірт) басты көшеге тұрғындар қауіпсіздігі үшін аяқжол салынды. Ал, Көбей көшесіне науа (лоток) орнату жұмыстары жүргізілуде.


Аталған жұмыстар толық аяқталғанда, Түлкібас ауданындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 86,6 пайыздан 89 пайызға арпақ.

Бөлісу