Сайысқа облыс аумағынан 146 адам қатысып, өзара бақ сынады.
Төлеби ауданында «Шахмат – ақылдың шайқасы» тақырыбында облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы спорт кешенінде «Шахмат – ақылдың шайқасы» тақырыбында облыстық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов шахмат – адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын екенін айтып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы бойынша ҚР-ның Үкіметі «Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарын» бекітті. Жоспар білім беруде шахматты дамытуды, оның ішінде вариативтік компонент сағаттары есебінен жалпы білім беретін мектептердің 1-4-сынып білім алушыларына шахматты оқытуды көздейді. Бұл бағытта аудан аумағында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Сайысқа облыс аумағынан 146 адам қатысып, өзара бақ сынады. Турнирге қатысушылар шахмат ойыны арқылы өздерінің шапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық және логикалық ойлау қабілетінің мүмкіндіктерін көрсетті. Турнир соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.