ТҮРКІСТАН: Созақта ішкі жолдар жаңартылып жатыр

0
95

66,4 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт және қиыршық тас төселеді.


ТҮРКІСТАН: Созақта ішкі жолдар жаңартылып жатыр

Созақ ауданында халық сұранысына сай бірқатар жұмыс атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде халық сұранысына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков округке арнайы барып, ішкі жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты.


Қазіргі таңда Құмкент ауылында жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын Абай, Есіркепұлы, Қызылқанат және Жамбыл көшелеріне асфальт төселуде. Сонымен қатар Қызылкөл елді мекенінде ұзындығы 2,5 шақырым болатын көшелерге де сапалы жол жабындысы салынуда. Жақын күндері бұл жұмыстар толық аяқталып, Қызылкөл ауылының ішкі көшелері 100 пайыз жолмен қамтылады.


Айта кетейік, биыл аудандық бюджет есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт және қиыршық тас төселеді. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 14,2 шақырымды қамтитын 12 көше жаңартылып, бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр.


Өткен жылы осы жоба аясында 25 көшеде (26,1 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырым жол (18 көше) жаңартылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

Бөлісу