Жаңа ойын алаңшалары ауыл бүлдіршіндерінің бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Созақ ауданында екі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Созақ ауданы Сызған ауылдық округіне қарасты Қайнар және Басбұлақ елді мекендерінде балаларға арналған жаңа ойын алаңшалары ашылды.
Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады.
Жаңа ойын алаңшалары ауыл бүлдіршіндерінің бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындары мен ата-аналар балаларға қуаныш сыйлаған игі іске ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Ал жас бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


