ТҮРКІСТАН: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

0
108

Жер аумағы – 35 гектар. Инвестиция көлемі 35 млрд. теңге. Зауытта крахмал, глютен, жүгері сечкасы, жүгері сірнесі, мальтоза және карамель сірнесі өндіріледі.


  ТҮРКІСТАН: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын.

Соның бірі – Түркістан облысы, Шардара индустриалды аймағындағы құрылысы жүріп жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу кәсіпорны. Мұнда жылына 150 мың тонна жүгері дақылы терең өңделеді деп жоспарланған. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына іссапары барысында зауытты аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Осыған дейін зауыттың алғашқы кезеңі бойынша дәнді дақылдарды сақтау және кептіру қоймасы өз жұмысын бастаған болатын. Биыл крахмал сірнесін өңдеу зауыты іске қосылып, мұнда 500-ден аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жер аумағы – 35 гектар. Инвестиция көлемі 35 млрд. теңге. Зауытта крахмал, глютен, жүгері сечкасы, жүгері сірнесі, мальтоза және карамель сірнесі өндіріледі. Сонымен қатар экспорт жүйесі дамыған. Өнімдер ішкі нарықтан бастап, шетелдің Ресей, Қытай, Бельгия, Англия елдеріне жөнелтіледі.
Одан кейін облыс басшысына дайын өнімдер көрмесі таныстырылды. Зауыт жетекшісі атқарылған жұмыстар мен құрылыс барысын баяндады. Аралау жұмыстары астық сақтау, әкімшілік, дайын өнімдерді сақтау, асхана, жатақхана ғимаратының құрылыс алаңында жалғасты. Облыс әкімі кәсіпорынның жұмысымен толық танысып, өндіріс саласын одан әрі дамытуды және құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Бөлісу