Өңір басшысы жұмыс барысында мердігер мекеме өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Сауран ауданындағы Шорнақ және Қосмезгіл елді мекендерінде ауыз су құбырлары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауран ауданында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мақсатында инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу үшін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ және Қосмезгіл елді мекендерінде болды. Өңір басшысы жұмыс барысында мердігер мекеме өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Шорнақ елді мекенінде сумен жабдықтау құрылысы жүзеге асуда. Жоба аясында жалпы ұзындығы 50,34 шақырымдық су құбыры желісі тартылып, 137 үй таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Ал, Қосмезгіл елдімекенінде жалпы ұзындығы 117,8 шақырым су құбыры тартылып, 586 үйге таза ауыз су жеткізу жоспарлануда. Нысандарды аралау барысында аудан әкімі мердігер ұйымдардың жұмысына ерекше назар аударып, құрылыс сапасы мен мерзімдік талаптардың қатаң сақталуын ескертті.