ТҮРКІСТАН: Сауранда 14 туристік жоба жүзеге асырылады

0
381

Тарихи-мәдени нысандарға 9 айда 52,2 мың турист келген екен.


ТҮРКІСТАН: Сауранда 14 туристік жоба жүзеге асырылады

Сауран ауданы аумағында 56 тарихи-мәдени нысан бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда және руханият орталығы ретінде іргетасы қаланған мекен. Бүгінгі таңда аудан аумағында 56 тарихи-мәдени нысан бар. Бұл нысандардың ішіндегі туристер қызығушылық танытып, көптеп келетіндері – Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата және Жүсіп ата кесенесі. Тарихи-мәдени нысандарға 9 айда 52,2 мың турист келген екен. Ауданда 2030 жылға дейін туризм саласы бойынша 14 жоба іске асырылмақ. Жыл соңына дейін 4 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар Үшқайық ауылдық округіндегі минералды су көздерін тиімді пайдалану мақсатында емдік сауықтыру және демалыс аймағын құру үшін 20 гектар жер белгіленген. Аталған аумақта 2025-2030 жылдар аралығында инвестициялық құны 7 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылады. Одан бөлек, Бабайқорған ауылдық округіндегі туристік орындарға келушілер көп болуына байланысты арнайы демалыс аймағын құру үшін 30 гектар жер учаскесі белгіленген. Бұл туралы аудан басшысы Мақсат Таңғатаров баспасөз жиынында баян етті.


«Құрылыс саласына тоқталар болсақ, бүгінгі таңда ауданның әкімшілік іскерлік орталығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және аумақтық органдар ғимараттарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар үй кезегінде тұрған 1 635 азаматты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 24 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта 48 пәтерлі 2 тұрғын үй салынып жатыр. Қос нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек Жүйнек ауылдық округінде 4 пәтерлі 4 тұрғын үй бой көтерген. Бүгінде ауданға қарасты 1 елді мекен ауызсу жүйесімен қамтылмаған және 12 елді мекенде су кестемен беріліп келеді. Осы ретте елді мекендерді тәулік бойы ағып тұратын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптеген ауылдағы электр желісі мен бағаналардың да тозығы жеткен екен. Осыған орай электр желілерін жаңарту мақсатында 36 жоба әзірленіп, 27 жобаға сараптама қорытындысы алынған. Жобалардың жалпы құны 12 млрд. теңгені құрап отыр»,- деді аудан әкімі өз сөзінде.

Бөлісу