Қазақстанда шу шығаратын көліктерді анықтайтын арнайы камералар енгізілуі мүмкін.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ведомство басшысы Ержан Сәденов депутаттардың сауалына берген жауабында айтты, деп жазады inbusiness.kz
Министрдің дерегінше, жыл басынан бері 274 мың, оның ішінде түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 22,2 мың, тікелей ағынды және қатты шу шығаратын жүйелері бар заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын басқарудың 24 мың, маневр жасау қағидаларын бұзудың 57,9 мың, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетудің 4,6 мың, авариялық жағдай тудырудың 11,8 мың, сондай-ақ 404 "дрифт" әкімшілік құқық бұзушылық фактісінің жолы кесілді.
23 қыркүйектен бастап республика аумағында "Түнгі қала" мақсатты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
"12 қазандағы жағдай бойынша 47,1 мың, оның ішінде түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 2,8 мың (ӘҚБтК-нің 437-бабы), рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын басқарудың 2,6 мың (ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі), маневр жасау қағидаларын бұзудың 7,9 мың (ӘҚБтК-нің 595-бабы), қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетудің 590 (ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі), авариялық жағдай тудырудың 2 мың (ӘҚБтК-нің 606-бабы) және 30 "дрифт" құқық бұзушылық фактісінің (олардың ішінде 6 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, 24 жүргізушіге айыппұл салынды) жолы кесілді", – делінген жауапта.
Министрлік цифрлық шешімдерді қолдану мәселесі бойынша шудың шекті деңгейден асып кетуін автоматты түрде анықтау үшін фото- және бейнетіркеу жүйесіне инновациялық акустикалық камералар мен шу деңгейін өлшейтін құралдарды біріктіру бойынша пилоттық жобаны іске қосуды қолдайды, дейді ІІМ басшысы.
"Қазіргі уақытта АҚШ, Германия және Францияның озық шетелдік тәжірибесі зерделеніп жатыр. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік заңнаманы жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс нормаларын жаңарту шеңберінде түнгі тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершіліктің мөлшерлес болуын қамтамасыз ету тетіктері, техникалық өзгерістері бар автокөліктерді жойылғанға дейін арнайы тұрақтарда ұстау тәртібі, сондай-ақ жолдардағы құқық бұзушылықтарды саралау тәсілдері егжей-тегжейлі пысықталуда", – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.


