Шымкентте «ЖЕРҰЙЫҚ – ӨНЕРДЕГІ АРМАН, ЖҮРЕКТЕГІ ӘЛЕМ» көрмесі өтті

0
192

Өнер – жүректегі сезімді бейнелеп, арманға қанат бітіретін ерекше әлем.


Шымкентте «ЖЕРҰЙЫҚ – ӨНЕРДЕГІ АРМАН, ЖҮРЕКТЕГІ ӘЛЕМ» көрмесі өтті

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жас суретші Ануланың «Жерұйық» атты жеке көрмесінің ашылуына арналған шығармашылық кеш өтті.

Кештің мақсаты – жас суретшінің шығармашылық ізденісін таныстырып, өнерге деген сүйіспеншілігін дәріптеу.
Іс-шара барысында фольклорлық ансамбль ұлттық күйлер орындап, әнші Жазира Әбдібекқызы әсем әндерімен кештің көркін келтірді. Сонымен қатар, Ануланың шығармашылық жолы таныстырылып, көрме авторы өз өнері мен туындыларының идеясы туралы бөлісті.
Кеш аясында Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің басшылығы, ұстаздары мен арнайы қонақтар құттықтау тілектерін білдіріп, жас суретшіге шығармашылық табыс тіледі.

Бөлісу