Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар беріп, құрылыс сапасына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
Сарыағашта елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданына қарасты елді мекендері таза ауыз сумен қамту шаралары жүйелі жалғасып келеді. Осы тұста Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне қарасты елді мекендерді аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар беріп, құрылыс сапасына ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Сондай-ақ ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С.Қарақұловқа жобалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.
Қазіргі таңда Жібек жолы ауылдық округіне қарасты бірқатар елді мекендерде ауыз су құбырының құрылысы қарқынды жүруде. Атап айтқанда, Сарқырама елді мекенінде жобаға сәйкес ауыз су құбырының жалпы ұзындығы – 14,5 шақырым, бүгінде 10,5 шақырым құбыр желісі тартылған. Құрылыс жұмыстарын «FS Development Group» ЖШС жүргізуде. Қарабау елді мекенінде ауыз су құбыры 12 шақырым ұзындықта тартылып, құрылыс жұмыстарының 85%-ы орындалған. Жібек жолы елді мекенін ауыз су мен қамту мақсатында 80,1 шақырым, сонымен қатар Зортөбе елді мекенінде 35,4 шақырым ұзындықта ауыз су құбырларын тарту жұмыстары тартылған. Аталған елді мекендерде ауыз су қоймасының құрылысы аяқталған.