ТҮРКІСТАН: Психикалық денсаулық орталығында 90-ға жуық адам тәуелділіктен арылды

0
66

Орталықтағы 16 психотерапия және оңалту бөлімшесі 30 төсек-орынға арналған.


ТҮРКІСТАН: Психикалық денсаулық орталығында 90-ға жуық адам тәуелділіктен арылды

Түркістан облыстық Психикалық денсаулық орталығында оң нәтиже көп, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық Психикалық денсаулық орталығындағы кешенді емдеу арқылы тәуелділіктен арылған науқастар арасында оң нәтиже көп.


Орталықтағы 16 психотерапия және оңалту бөлімшесі 30 төсек-орынға арналған. Мұнда ішімдік, есірткі және басқа психикалық белсенді заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға ұшыраған науқастар кешенді ем қабылдайды.


2025 жылдың 9 айында орталықтан 87 науқас емделіп шыққан. Ем мерзімі әр науқастың жағдайына байланысты 6 айдан 9 айға дейін жалғасады. Емдеу процесі психологиялық және психотерапиялық көмек, еңбек және спорт терапиясы, ортамен емдеу мен әлеуметтік бейімдеу бағыттарында жүргізіледі. Психотерапевт мамандар когнитивті-бихевиоралды, дене-бағдарлы, йогатерапия, арт-терапия және гештальт бағыттарында жеке және топтық сеанстар өткізеді. Бұл үшін арнайы жабдықталған тренинг залы бар.


Науқастардың физикалық және эмоциялық жағдайын жақсарту мақсатында спорт зал мен ашық спорт алаңында жаттығулар ұйымдастырылады. Еңбек терапиясы шеберханада және тігін цехында өтіп, мұнда түрлі тұрмыстық және шығармашылық бұйымдар жасалады. Сондай-ақ бөлімше аумағында орналасқан бау-бақшада науқастар көкөніс пен гүл өсіру арқылы еңбек және табиғат терапиясынан өтеді.


Әлеуметтік қызметкерлер науқастардың қоғамға бейімделуіне және отбасымен байланысын қалпына келтіруге көмектеседі.

Бөлісу