ТҮРКІСТАН: Педагог мамандарға арналған семинар-тренинг өтті

0
167

10 тірек мектебінің педагогтары қатысты.


ТҮРКІСТАН: Педагог мамандарға арналған семинар-тренинг өтті

Түркістанда «Суицидтік мінез-құлық бойынша оқушыларды қолдау» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында облыстық білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ жанынан құрылған білім беру ұйымдарында профилактикалық бағдарламаларды енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен «Суицидтік мінез-құлық бойынша оқушыларды қолдау» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке облыс бойынша іріктеліп алынған 10 тірек мектебінің педагогтары қатысты.


Оқыту барысында қатысушыларға суицидтік мінез-құлықтың түрлері, белгілері, себептері мен қауіп факторлары таныстырылып, нақты жағдайлар мен кейстерді талдау арқылы теориялық білім мен практикалық дағдылар берілді. Сонымен қатар оқушыларды қолдау механизмдері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, ата-аналармен және мектеп қауымдастығымен жұмыс жүргізу әдістері қамтылды.


Жобалық кеңсе алдағы уақытта да мектеп психологтары мен педагогтар үшін психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру және оқушылардың өмірлік дағдыларын дамыту бағытында түрлі мазмұндағы оқыту іс-шараларын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу