ТҮРКІСТАН: Отырар ауданындағы жарылыстың себептері белгілі болды

0
92

Жарылыс кезінде пәтер иесі зардап шегіп, аудандық ауруханаға жеткізілді.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданындағы жарылыстың себептері белгілі болды

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс табиғи газдың екінші қабатта шығуынан орын алған.


Оқиға салдарынан үш пәтердің қабырғалары қирап, терезе маңында өрт шыққан. Өрт толық сөндірілді.


Жарылыс кезінде пәтер иесі зардап шегіп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.


Оқиға орнында ТЖД, Жедел жәрдем, Полиция, жергілікті атқарушы органдар және 104 апаттық қызметі жұмыс істеді. Үй тұрғындары уақытша Шәуілдір ауылындағы колледждің жатақханасына орналастырылды.


Оқиғаның нақты себептері тиісті қызметтермен анықталуда.

Бөлісу