ТҮРКІСТАН: Ордабасыда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

0
57

Анасы 1999 жылы туған


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында салмағы 6015 келі болатын сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2026 жылдың 4 ақпанында Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында салмағы 6015 келі болатын, бойы 63 сантиметр алып сәби дүниеге келді. Анасы 1999 жылы туған, Жеңіс ауылының тұрғыны.


Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша анаға кесар тілігі арқылы босандыру жүргізілді. Ота сәтті өтіп, ана мен нәресте толық бақылауға алынды.


Анасы мен сәбиінің жағдайы қанағаттанарлық, тұрақты бақылауда. Бұл – дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен жанашыр еңбегінің нәтижесі.

Бөлісу