Түркістан облысының әкімі Түрікменстан делегациясымен кездесті

0
131

Өткен жылдың қорытындысымен екі жақты тауар айналым көлемі 26,5 млн. АҚШ долларын құрады


Түркістан облысының әкімі Түрікменстан делегациясымен кездесті

Түркістанда облыс әкімі Түрікменстан Республикасының делегациясы кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Түрікменстан Президенті жанындағы Арқадаг қаласының құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Дерьягельды Оразов пен Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов бастаған Түрікменстан Республикасының делегациясы кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы айтылды.


Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың перспективасын, білім беру және тәжірибе алмасу бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады.


– Түркі елдерінің астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіздер. Бүгінгі кездесуде Түркістан облысы мен Түрікменстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты талқылауға жақсы мүмкіндік бар. Түркістан облысымен Түрікменстан Республикасының өңірлері арасындағы екі жақты ынтымақтастығының дамуы өте маңызды екенін атап өткім келеді. Алдағы уақытта екі ел арасындағы екі жақты ынтымақтастығымыз одан әрі дамитынына сенемін, - деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.


Облыс әкімі Түркістан облысында шетелдік компанияларының өндірістерін ұйымдастыру үшін индустриалды аймақтар және дайын ғимараттарды жеңілдетілген шарттармен жалдау немесе сатып алу құқығымен берілетін Шағын өнеркәсіптік парктер бойынша толық мәлімет берді. Сондай-ақ терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру үшін инвесторлар салықтардан, кедендік төлемдерден босатылатын «TURAN» арнайы экономикалық аймақтың жұмыс жасап тұрғанын жеткізді.


Кездесу нәтижесінде тараптар жаңа бастамаларды іске асыруға дайын екендерін білдіріп, Қазақстан мен Түркменстан арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.


Өткен жылдың қорытындысымен екі жақты тауар айналым көлемі 26,5 млн. АҚШ долларын құрады (импорт $20,1 млн, экспорт $6,4 млн.)

Бөлісу