Түркістан облысының әкімі су нысандарын әуеден бақылап, Шардараны ауыз сумен қамту жоспарымен танысты

0
108

Өңір басшысы Шардара ауданы мен қаласын ауыз сумен қамту мәселелері бойынша мамандармен кеңесті.


Түркістан облысының әкімі су нысандарын әуеден бақылап, Шардараны ауыз сумен қамту жоспарымен танысты

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі су нысандарын тікіұшақпен әуеден бақылап, жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, Арыс, Келес, Қазығұрт, Отырар және Шардара ауданындағы каналдар мен су нысандарын қадағалады.

Одан кейін Шардара ауданындағы «Шардара» су электр станциясына барды. Мамандармен сөйлесіп, мекеменің жоспарымен, өзекті мәселелерімен танысты.
Өңір басшысы Шардара ауданы мен қаласын ауыз сумен қамту мәселелері бойынша мамандармен кеңесті. Жаңа ұңғыма қазу жұмысымен танысып, Шардара қаласының бас су торабындағы жұмыстарды қадағалады. Аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар берді.
– Биыл «Шардара» су қоймасында су көлемі аз. Бұл ауданды сумен қамту ісіне кедергі келтірмеуі керек. Ауыз суға қатысты жобаларды сапалы атқаруды және қадағалауда ұстауды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарды баяндады. «Шардара» су қоймасында су көлемі төмендеген жағдайда, қаланы жедел ауыз сумен қамтамасыз етудің іс-қимыл алгоритмі бекітілді. Жалпы қалада 31 883 халық немесе 6 376 тұрғын үй бар. Сырдарияның оң жақ бөлігіндегі 12 ықшам ауданда 26 683 халық немесе 5336 тұрғын үй бар. Су көзі – «Шардара» су қоймасы. Сырдарияның сол жақ бөлігінде Өтеғұл шағын ауданында 5 200 тұрғын немесе 1040 тұрғын үй бар. Су көзі – ұңғыма арқылы келетін жер асты суы.
«Шардара» су қоймасындағы судың көлемі шамадан тыс азайған жағдайда қаланың бас су торабында пантон орналастырылып, пантон үстіне қуаттылығы сағатына 500 текше метр болатын арнайы насос орнату арқылы, төмен деңгейдегі суды жоғары шығару жоспарлануда. Сондай-ақ бас су торабын баламалы су көзімен толтыру үшін сол аумаққа жақын жерден жер асты суын алу жолдары қарастырылды. Қазіргі таңда, бас су торабынан 1,5 шақырым жерде тереңдігі 80-100 метр 2 ұңғыма бұрғылау жоспарланып, 1 ұңғыманың тиісті жұмыстары басталды.
Бөлісу