Бұл жоба — мемлекеттің қаражатын тиімді пайдалана отыра, қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.
Түркістан облысындағы модульді лагерлер - республика бойынша «Үздік жоба» иегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Лагерь ашу – болашаққа салынған инвестиция. Жас буынның жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров қолдау көрсетіп, өңірде мемлекеттік лагерлер желісі кеңейді. Алғаш рет 5 мемлекеттік лагерьде 52 модульді лагерь салынып, қосымша орын ашуға мүмкіндік туды. Жоба негізінде 7500-ден астам бала замануи модульді лагерлерде сауықтырудан өтті. Бұл жоба — мемлекеттің қаражатын тиімді пайдалана отыра, қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.
Биыл Түркістан облысында балаларды жазғы сауыртыру шарасы барысында жүзеге асырылған «модульді жатақхана» жобасы республика бойынша 2025 жылғы “Ең Үздік Жобасы” болып табылды.
Бурабайда тамыз кеңесі аясында өткен «Біз бірге жасаған жаз: сабақтар, қорытындылар және болашаққа бағдарлар» панельдік секциясының жиынында өңірдегі модульді лагерь бастамасы - еліміздегі “Ең үздік жоба” номинациясын иеленді. Марапатты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы Рахимберлин Алтай Советұлы балалардың демалысын тиімді өткізіп ғана қоймай, жайлы жатын орындарында демалуға жағдай жасалғанын атап өтті.
Сондай-ақ биыл алғаш рет жыл бойы жұмыс жүргізетін «Алатау» оқу-сауықтыру орталығы ашылды. Бұл үлкен жетістік.«Алатау» оқу-сауықтыру орталығында жазғы мезгілде 2 100 бала жазғы сауықтырумен қамтылса, 2025-2026 жаңа оқу жылында 5 мыңнан астам бала қамтиды деп күтілуде.
Айта кетейік, облысымызда биылғы жылы қала сыртындағы және өзге де лагерлерде - 43 223 бала жазғы сауықтыру жұмыстарымен (Мемлекеттік лагерлерде - 23 838 (өткен жылы 16 мың бала қамтылған), жеке лагерлерде - 11500, қор есебінен - 2465, ата-аналар есебінен 5 420 бала) қамтылды. Өткен жылы 35 434 бала жазғы сауықтырумен қамтылған болатын.