Түркістан облысында заңсыз жүк тасымалына қарсы рейдтік іс-шара өтті

0
61

Іс-шараның мақсаты – заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және ауыр жүк көліктерімен шамадан тыс жүк тасымалдау салдарын болдырмау.


Түркістан облысында заңсыз жүк тасымалына қарсы рейдтік іс-шара өтті

Түркістан облысында заңсыз жүк тасымалына қарсы рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі, Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Жергілікті полиция қызметкерлері және облыстық көліктік бақылау инспекциясы бірлесіп, Сауран ауданының Бабайқорған тас жолы бойында рейдтік іс-шара өткізді.


Іс-шараның мақсаты – заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және ауыр жүк көліктерімен шамадан тыс жүк тасымалдау салдарын болдырмау.


Рейд нәтижесінде екі Howo маркалы ауыр жүк көлігінде заңбұзушылықтар анықталып, олар Сауран ауданының айып тұрағына жеткізілді.


Сонымен қатар облыстық көліктік бақылау инспекциясының инспекторлары жүк көліктерінің салмағын өлшеп, заң талаптарына сәйкес айыппұлдар салды.


Аталған рейдтік іс-шаралар облыс аумағында тұрақты түрде жалғасын табады.

Бөлісу