​Түркістан облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

0
59

Оқу-жаттығу барысында тиісті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен жедел әрекет ету дағдылары пысықталды.


​Түркістан облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Түркістан облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2026 жылғы 14 қарашада терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен Сауран ауданына қарасты Еңбекшідихан ауылындағы ескі әуежай аумағында жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау және арнаулы органдардың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге жедел ден қою, олардың алдын алу және жолын кесу бойынша күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу барысында тиісті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен жедел әрекет ету дағдылары пысықталды.

Бөлісу