Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
78

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.


Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.