Ауғанстанда алтын өндірушілерді қар көшкіні басып қалды

0
78

Қайғылы оқиға елдің солтүстігіндегі Арганджхва ауданында болған.


Ауғанстанда алтын өндірушілерді қар көшкіні басып қалды

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Ауғанстанның Бадахшан провинциясында қар көшкіні салдарынан екі адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды, деп жазады inform.kz.

Қайғылы оқиға елдің солтүстігіндегі Арганджхва ауданында болған. Қар көшкіні алтын өндірумен айналысып жатқан жұмысшылар тобы жүрген тау бөктеріне құлаған.

Провинция полициясының өкілі Эхсанулла Камгардың айтуынша, жергілікті билік зардап шеккендерді тікұшақпен эвакуациялауды ұйымдастырған.

Қаза тапқандардың мәйіттері мен жараланған алты адам провинцияның әкімшілік орталығы Файзабад қаласындағы ауруханаға жеткізілді.