Түркістан облысында шахмат спорты жанданып жатыр

0
99

Кездесу барысында өңірде шахматты дамыту, алдағы жоспарлар мен маңызды жобалар талқыланды.


Түркістан облысында шахмат спорты жанданып жатыр

Түркістан облысында шахмат спорты жандануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан Шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есеновпен кездесті.


Кездесу барысында өңірде шахматты дамыту, алдағы жоспарлар мен маңызды жобалар талқыланды.


– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шахмат спортына ерекше көңіл бөлінуде. Шахмат спортын дамыту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Қала және аудандарда шахматшыларға қолайлы жағдай жасалған. Облыс әкімі әр аудан аумағынан шахматты дамыту туралы берген арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында 11 шахмат үйі ашылды. Ауылдық елді мекендерде шахмат үйірмелерін көбейту, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелер желісі дамытылуда, – деді Ертай Кенжебекұлы.


Облыста шахмат спортын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда облыс аумағында 20 спорттық мекемеде 97 жаттықтырушы қызмет атқарып, 2475 спортшымен тұрақты жұмыс жүргізуде.


Айта кетсек, биылғы жылдың қараша айында Түркістан қаласында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогының финалдық кезеңін өткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу