130 команда құрамындағы 300-ге жуық оқушы қатысты.
Түркістан облысында TURKISTAN ROBO CUP 2025 республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында TURKISTAN ROBO CUP 2025 республикалық чемпионаты өтті. Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 130 команда құрамындағы 300-ге жуық оқушы қатысты. Чемпионатқа қатысушылар робототехника саласындағы заманауи технологиялар мен инженерлік дағдыларын мен командалық жұмысын көрсетуге мүмкіндік алды.
Чемпионат барысында түрлі конструкциялық шешімдер, инновациялық идеялар мен креативті роботтық жобалар ұсынылды. Қатысушылардың жобалары робототехника мен бағдарламалау салаларындағы тың ізденістер мен техникалық әлеуеттің бар екенін көрсетті. Робототехника, инженерия және технология саласында дарынды жастардың басын қосатын ерекше шара Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бастамасымен және ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Сайыс қорытындысымен «Робот құрастыру» 6-9 жас аралығындағы сайыста бас жүлдені Жамбыл облысынан келген Bee Bots командасы иеленді. «Биатлон» 12-16 жас аралығындағы сайыста бас жүлде Шымкент қаласының RoboPARK 2 командасына бұйырды. «Лабиринт» 12-16 жас аралығындағы сайыста бас жүлдені Түркістан облысы, Кентау қаласының RoboPARK 2 командасы жеңіп алды. «Роботтар шайқасы» 12-16 жас аралығындағы сайыста бас жүлдені Қызылорда облысынан келген ROBOSTARKZO командасы иеленді.
TURKISTAN ROBO CUP 2025 – еліміздегі техникалық білімді ілгерілетуге, оқушылардың инженерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру алаңы.