1 118 адам қатысып, дайындығы пысықталды.
Түркістан облысында «Өрт–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында 2025 жылғы 22-23 мамырда «Өрт–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу аясында Келес ауданы Ошақты ауылдық округінде облыстық штаб құрылды.
Аталған іс-шараға шекаралас орналасқан Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысты. Бұл трансшекаралық оқу-жаттығулар мен алгоритмдер алдағы уақытта бірлесіп іс-әрекет ету қимылдарын пысықтайды.
Жалпы облыста оқу-жаттығуда дала орман өртін сөндіру бойынша 335 техника, 1 118 адам қатысып, дайындығы пысықталды.