ТҮРКІСТАН: Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін үлкен өмірге аттандырды

0
111

Биыл мектепті 56 оқушы сәтті тәмамадады.


ТҮРКІСТАН: Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін үлкен өмірге аттандырды

Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін үлкен өмірге аттандырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қатарына 2021 жылы қосылған Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін үлкен өмірге аттандырды. Биыл мектепті 56 оқушы сәтті тәмамадап, өмірдің келесі белестерін бағындыруға асық. Олар халықаралық IELTS, SAT емтихандары бойынша мүмкін болатын 9 ұпайдың кем дегенде 7.0, 7.5, 8.0 нәтижесін көрсеткен, сондай-ақ отандық және шетелдік ең үздік жоғары оқу орындарынан, атап айтқанда Назарбаев Университеті, Coventry University, QS World University Rankings 2025 зерттеуіне сәйкес, әлемде 38-орындағы Канадада орналасқан The University of British Columbia, Asian University Rankings зерттеуіне сәйкес 43 орынға жайғасқан Hong Kong Baptist University, Times Higher Education зерттеуі бойынша әлемнің үздік университеттері рейтингісінің 6-орнына жайғасқан Arizona State University және тб ЖОО-нан шақырту алған мектебіміздің белсенді оқушылары.


«Зияткер түлек – 2025» атауымен ұйымдастырылған аттестат табыстау рәсімі – парасат пен тәрбиенің, үміт пен арманның шоғырланған мерекесіне айналды. Кеш Түркістан қаласының ең сәулетті мәдениет ошағы "Конгресс холл" көпсалалы кешеніде өткізілді.


Салтанатты жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, «Halyk bank» АҚ Түркістан облыстық филиалының басшысы Нұрбол Нұсқабеков, ата-аналар, ұстаздар мен түлектер қауымы қатысты.


Кеш шымылдығы жүрек тебірентер сөздермен ашылып, білім ордасының үш жылдық тарихына көз жүгіртілді. Ұстаздар мен шәкірттердің бірлескен еңбегі нәтижесінде мектеп түлектері жаңа өмірге сенімді қадаммен аттанды.


Түлектерге аттестат табыстау рәсімі мектеп тарихында тұңғыш рет өткізіліп, жиында қонақтар мен мектеп басшылығының құттықтау сөздері, оқушылардың музыкалық тартуы, әсерлі бейнероликтер мен естелік фотосессиялар орын алды.


Сахна төрінен орын алған жүрекжарды тілектер мен жылы лебіздер түлектерге үлкен жауапкершілік жүктеп, алдағы өмір жолына шабыт сыйлады.


Салтанатты кештің шарықтау шегі – ұстаздар қауымының түлектерге арналған ерекше би флешмобымен қорытындыланды.

Бөлісу