ТҮРКІСТАН: Мал азығы қорын дайындау мәселесі пысықталды

0
116

Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары ықтимал тәуекелдерді ескеріп, аудан-қалалардың қажеттілік кестесін әзірлеуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Мал азығы қорын дайындау мәселесі пысықталды

Түркістан облысында мал азығының қыстық қорын дайындау мәселесі пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жалпы тіркелген мал саны 6 млн-ға жуықтаған. Мал азығының қажетті қорын жинау мәселесі өзге түйткілдердің көлеңкесінде қалмауы керек.


Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков кезекті лездемелік мәжілісте бұл тақырыпқа арнайы тоқталып, Ауыл шаруашылық басқармасына тиісті тапсырмаларды жүктеді. Мамандардың мәлімдеуінше, өңірде бүгінгі күнге дайындалған мал азығы болжаммен 4 млн. тоннаға жуықтаған.


Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары ықтимал тәуекелдерді ескеріп, аудан-қалалардың қажеттілік кестесін әзірлеуді тапсырды. Ақмола облысымен түзілген келісімге сәйкес, арзандатылған кебек тасымалын қыркүйек айынан кешіктірмеуді ескертті. Сондай-ақ, шаруаларға мал жаюға және шөп оруға орман қоры аумағында орналасқан шабындықтардан пайдалану мүмкіндігіне қарай жер ұсыну мәселесін көтерді.


Мал қыстату кезеңін қалыпты деңгейде өткізу үшін аудан-қала әкімдіктерімен бірлесе отырып қадамдық жоспар түзу келісілді.

Бөлісу