Елді мекендерде салтанатты газ жағу рәсімі өтіп, аудан басшысы ауыл тұрғындарының көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.
Мақтаарал ауданында 3 елді мекенге табиғи газ берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мақтаарал ауданында 3 елді мекенге табиғи газ берілді.
Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс ауылы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Мырзатөбе ауылы және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының тұрғындарының қуанышымен бөлісу үшін бүгінаудан әкімі Бақыт Асанов аталған елдімекендерге арнайы барды.
Елді мекендерде салтанатты газ жағу рәсімі өтіп, аудан басшысы ауыл тұрғындарының көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.
– Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының жүктеген негізгі міндеттерінің бірі. Бұл – тек тұрмыстық жағдайды жақсарту емес, сонымен қатар экологияны сақтау, өмір сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадам. Бүгін, міне, тағы үш ауылымызға газ беріліп отыр. Бұл – біздің тұрғындар үшін үлкен жетістік!, – деді Бақыт Насырханұлы.
Газ мамандары газ қауіпсіздігін сақтау бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үн парақшалар таратты. Тұрғындар жылы лебіздерін білдіріп, газдыңкүнделікті тіршілікте тигізер пайдасы мен тиімділігін сөз етті. Әсіресе, көмір тасымалдау, күл шығару, от жағу секілді қиындықтар артта қалып, өмір сүру сапасы едәуір жеңілдейтіні атап өтті.
Айта кетейік, соңғы жылдары Мақтаарал ауданында газдандыру қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда аудандағы елдімекендердің 75%-ы табиғи газға қосылған. 2026 жылдың соңына дейін Мақтаарал ауданын 100 % газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл – жергілікті әкімдік пен облыс басшылығының жүйелі жұмысының нәтижесі.