ТҮРКІСТАН: Мақтааралда қазақ күресінен облысы чемпионаты өтіп жатыр

0
59

17 қала мен ауданынан келген 700-ге жуық спортшы қатысуда.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда қазақ күресінен облысы чемпионаты өтіп жатыр

Мақтааралда қазақ күресінен Түркістан облысының чемпионаты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қазақ күресінен 2009-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар және 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар арасында Түркістан облысының чемпионаты өз жалауын көтерді. Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен ауқымды жарыс Мырзакент кентіндегі заманауи спорт сарайында өтіп жатыр.


Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға ізгі тілегін білдірді. Ол барлық қатысушыларға әділ бәсеке, сәтті белдесулер мен жарқын жеңістер тіледі.


Салтанатты жиында жарыстың бас төрешісі бастаған төрешілер алқасы таныстырылды.


Аталған облыстық біріншілікке Түркістан облысының 17 қала мен ауданынан келген 700-ге жуық спортшы қатысуда. Жас балуандар өзара мықтыны анықтау үшін бірнеше салмақ дәрежелері бойынша бақ сынайды.


Төрт күнге созылатын чемпионат барысында тартысты белдесулер өтеді деп күтілуде. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алып, облыс намысын республикалық деңгейде қорғайды.


Айта кетейік, бұл жарыс жасөспірімдер арасында қазақ күресін кеңінен насихаттауға, спортшылардың шеберлігін шыңдауға және ұлттық спорттың дамуына серпін беруге бағытталған.

Бөлісу