ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 50-ге жуық әлеуметтік тұрғын үй салынып жатыр

0
137

Мемлекет тарапынан қарастырылған 1,5 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға барлық үйлер сатып алынады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 50-ге жуық әлеуметтік тұрғын үй салынып жатыр

Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдоуси елді мекенінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ауқымды әлеуметтік жоба іске асырылуда.


Аталған жоба аясында 1 қабатты, әрқайсысы екі пәтерлі 48 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме – «Building Group – 1» ЖШС жүргізуде.


Жеке кәсіпкердің есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған соң, мемлекет тарапынан қарастырылған 1,5 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға барлық үйлер сатып алынады.


Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен арнайы танысты. Аудан басшысы нысанның сапасына, құрылыс қарқынына және жұмысшылардың еңбек жағдайына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мердігер компания өкілдерімен пікірлесіп, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу, жұмыс кестесінен кешікпеу қажеттігін қадап айтты.


Айта кетейік, бұл үйлер бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және тұрғын үйге мұқтаж өзге де санаттағы азаматтарға жалға берілетін болады. Осылайша, Фирдоуси елді мекенінде жаңа шағынаудан бой көтеріп, ауылдың әлеуеті арта түспек.

Бөлісу