ТҮРКІСТАН: Коммуналдық сала өкілдеріне арнайы техникалар тапсырылды

0
529

Дәнекерлеуші, электрші, су маманы, жүргізушілер, коммуналдық саланың қарапайым қызметкерлері марапатталды.


ТҮРКІСТАН: Коммуналдық сала өкілдеріне арнайы техникалар тапсырылды

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай және «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында шаһардағы коммуналдық сала өкілдеріне арнайы техникалар тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай және «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында шаһардағы коммуналдық сала өкілдеріне арнайы техникалар тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жұмысшы мамандардық иелері, еңбек адамдарын марапаттап, құрмет көрсетті.


– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еліміздің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған үлкен қадам. Биыл облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасына» сәйкес, 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орнындары ашылса, оның 60%-ға жуығы жұмысшы мамандықтарына арналған. Облысымыздағы 30 колледжде жұмысшы мамандықтар даярланады, онда 16 мыңнан астам жас білім алуда. Құрметті еңбек адамдары! Сіздердің еңбекке адалдықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз – өскелең ұрпақ үшін үлкен үлгі. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасы арқылы тұрғындардың санасында экологиялық мәдениет қалыптасуда. Бүгін табысталған жаңа техника тазалық жұмыстарын жалғастырып, қаламыздың гүлденуіне өз септігін тигізетініне сенімім мол. Отбасыларыңызға бақ-береке бірлік, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.


Салтанатты іс-шарада облыс әкімі бір топ азаматқа Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісін, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісін, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Құрмет» грамотасын тапсырды. Сонымен бірге облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов еңбегімен дараланған азаматтарға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Алғыс хатын табыстады.


Дәнекерлеуші, электрші, су маманы, жүргізушілер, коммуналдық саланың қарапайым қызметкерлері марапатталды.


Қазіргі таңда Түркістан қаласының аумағында «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-нің 35 техникасы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылы Түркістан қаласының коммуналдық меншігіне 29 техника сатып алуға конкурс өткізіліп, әкелінді. Бүгін соның 21-і тапсырылды. Бұл техникалар қаланы абаттандыруға, тазалауға, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыруға серпін бермек.

Бөлісу