ТҮРКІСТАН: Қоқыс полигондарының 70%-ы талапқа сай келмейді

0
98

Өңірде қалдық тастайтын 128 полигон бар.


ТҮРКІСТАН: Қоқыс полигондарының 70%-ы талапқа сай келмейді

Түркістан облысында талапқа сай келмейтін полигондар реттеліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында тұрмыстық қалдық тастайтын 128 полигон бар. Оның ішінде 38-і аудандық болса, 41-і ауыл округінде орналасқан. Ал 49-ы сенімгерлік басқаруға берілген. Жалпы полигондар үшін талаптар қарастырлып, қажеттілігі бойынша талдау жасалды.


Нәтижесінде полигондардың 70%-ы санитарлық-экологиялық нормаға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Яғни, электр энергиясы, су, арнайы қоқыс көмуге арналған шұңқырмен, қоршаумен және тағы басқа қажеттіліктермен жабдықталмаған.


Қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын санитарлық-экологиялық нормаға сәйкестендіру мақсатында «Түркістан облысы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын оңтайландыру және талапқа сәйкестендіру жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын кезең-кезеңімен ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Осыған сәйкес, 2020-2023 жылдары аудандық бюджет есебінен 16 жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Былтыр облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Созақ ауданында Қаратау, Қарақұр, Жуантөбе ауыл округтеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатты тұрмыстық полигондарды оңтайландыру мақсатында Түлкібас ауданында 8, Отырар ауданында 16 полигон жабылып, жерлері жер қорына өткізілді.

Бөлісу