ТҮРКІСТАН: Кентауда тазалық жұмыстары жаңа форматта өтіп жатыр

0
102

Игі іске балалар да белсене қатысты.


ТҮРКІСТАН: Кентауда тазалық жұмыстары жаңа форматта өтіп жатыр

Кентау қаласында ерекше форматтағы аулаішілік тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ерекше форматтағы аулаішілік тазалық шарасы өтті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов көшесіндегі №176, 178, 180, 182, 184, 186, 188 үйлердің ауласында тазалық жарысы өткізілді.


Бұл – жай ғана сенбілік емес, аула тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, жас ұрпақты табиғатты аялауға баулитын жарқын бастама болды. Әр аула өз аумағын күл-қоқыстан тазартып, жабайы шөптерден арылтып, айналаны көркейтуге күш салды. Игі іске балалар да белсене қатысты. «Бір қап қоқыс – бір балмұздақ» ұранымен олар өз еңбектерін ортақ іске қосты.


Бұл тазалық жарысына негізінен аулада ойнап жүрген балалар жұмылдырылып, оларға қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың үлгісі көрсетілді.


Тазалық шарасы тек еңбекпен емес, көтеріңкі көңіл-күймен де ерекшеленді. Белсенді қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болды. Ал балалар үшін арнайы тәтті сый — балмұздақтар таратылып, шаттық сыйлады.


Аула жастары мен ересек тұрғындар бұл бастаманың маңызын терең түсініп, қоршаған ортаны қорғау — әр азаматтың парызы екенін іспен дәлелдеді.


Мұндай шаралар Кентау қаласының өзге аумақтарында да жалғасын табады.

Бөлісу