ТҮРКІСТАН: Келестік ұстаз Президенттің қолынан марапат алды

0
53

Еңбек өтілі 40 жылға жуық.


ТҮРКІСТАН: Келестік ұстаз Президенттің қолынан марапат алды

Келестік ұстаз Мемлекет басшысының қолынан марапат алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өткен ұстаздардың республикалық тамыз конференциясына қатысты. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар ұлағатты ұстаздарды марапаттады.


Ел Президенті Түркістан облысы, Келес ауданы, №4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Айтлеуов Нұртас Әбдуайтұлына «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.


Еңбек өтілі 40 жылға жуық тәжірибелі мұғалім орта білім беру жүйесінде сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл арқылы математика пәнінен білім беріп келеді. Оның шәкірттерінің басым бөлігі мемлекеттік білім гранты иегері атанып, еліміздің үздік жоғары оқу орындарында оқып жатыр.

Бөлісу