Жалпы газ құбырының ұзындығы 9 шақырымнан асады.
Келес ауданындағы Қошқарата ауылдық округіне қарасты Ұшқын елді мекеніне табиғи газ берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Келес ауданындағы Қошқарата ауылдық округіне қарасты Ұшқын елді мекеніне табиғи газ берілді. Енді ауыл тұрғындары көптен күткен «көгілдір отынды» пайдалана алады.
Жалпы газ құбырының ұзындығы 9 шақырымнан асады. 184 үй газға қосылды.
Салтанатты шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның іске қосылуымен және Республика күнімен құттықтады. Халықтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Келес ауданы қайта құрылғаннан бері 23 ауылға табиғи газ жеткен. Енді Ошақты, Бірлік және Ұшқын ауылдық округтеріндегі 12 елді мекенге «көгілдір отын» жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ газ және су жүйесі тартылған ауылдарда жол жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен атқарылады.